1682

Қазақстанда қыркүйектің 18-і жылы ауа райы сақталады

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, ал кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қазақстанда қыркүйектің 18-і жылы ауа райы сақталады
facebook.com/kievtypical

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 18 қыркүйекте күн жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз болады. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жекелеген аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді. 

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +12...+14, күндіз +23...+25 градус аралығында сақталады.

Алматыда түнде +12...+14, күндіз +27...+29 градус жылы болады. Шымкентте ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +20...+22 градус болады.

Ақтауда түнде +17...+19, күндіз +25...+27 градус, Атырауда түнде +14...+16, күндіз +24...+26 градус күтіледі.

Жезқазғанда ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +23...+25 градус болады. Қарағандыда түнде +8...+10, күндіз +19...+21 градусқа дейін көтеріледі.

Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде +13...+15, күндіз +15...+17 градус болады. Қонаевта күндіз +27...+29 градусқа дейін жылынып, түнде +11...+13 градус болады.

Қостанайда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Түнде +12...+14, күндіз +18...+20 градус болады. Қызылордада түнде +13...+15, күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа жетеді.

Павлодарда түнде +12...+14, күндіз +24...+26 градус болады. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Мұнда түнде +13...+15, күндіз +16...+18 градус күтіледі.

Семейде жауын-шашын болмайды. Түнде +5...+7, күндіз +23...+25 градус болады. Талдықорғанда түнгі температура +1...+3 градусқа дейін төмендегенімен, күндіз +27...+29 градусқа дейін жылынады.

Таразда күндіз +29...+31 градус, түнде +11...+13 градус болады. Түркістанда ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін көтеріліп, түнде +16...+18 градус шамасында сақталады.

Оралда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы +11...+13, күндіз +20...+22 градус болады.

Өскеменде де жауын-шашын күтілмейді. Түнде +5...+7, күндіз +22...+24 градус аралығында ауа райы қалыптасады.

Материал авторы