Италиядағы су тасқыны: елдің солтүстігінде 14 адам қаза тапты

20.05.2023, 14:16
567
Италиядағы су тасқыны: елдің солтүстігінде 14 адам қаза тапты GETTY IMAGES

Жұма күні Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Равенна қаласының билігі екі шағын қаланың тұрғындарын дереу эвакуациялау туралы шешім қабылдады және мүмкіндігінше халықты саяхаттаудан аулақ болуға шақырды, өйткені қауіп деңгейі әлі де ең жоғары қызыл деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВBC-ге сілтеме жасап.

Аймақтың эвакуацияланған 15 мың тұрғынының жартысына жуығы өткен түнді қонақүйлерде немесе асығыс жабдықталған спорт залдарында өткізуге мәжбүр болды.

Зардап шеккен аймақтың көптеген қалаларында адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жылжымалы асханалар жұмыс істеп жатыр. Су аздап тартылған жерлерде тұрғындар үйлерін тазалауға кірісті, дегенмен көптеген тұрғындар су деңгейінің жоғары болуынан әлі күнге дейін далаға шыға алмай отыр.

Равеннаның өзінде нөсер әлі тынбай тұр, қала мэрі Массимо Изола қаланы қоршап тұрған төбелерде орналасқан ауылдардағы апатты жағдай туралы хабарлады. Көшкіннің жүру қаупі жоғары, бұл аймақтарға құтқарушылардың жетуі өте қиын.

Дегенмен, жұмыс жалғасуда, құтқарушылар су тасқынынан зардап шеккендерді әлі эвакуациялап жатыр.

Италияның солтүстігінде 36 сағат бойы жауған толассыз жауынның салдарынан жарты жылдық жауын-шашын түсіп, келтірілген шығын миллиардтаған еуроға бағаланып отыр.

Су тасқыны Имоладағы «Формула-1» жарысын да тоқтатуға мәжбүр етті.

Жұма күні «Формула-1» ұйымдастырушылары зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге көмектесу үшін бір миллион еуро беретіндерін айтты. Бұған дейін «Феррари» командасы да осындай уәде берген болатын.

Legambiente экологиялық ұйымының мәліметінше, 7 миллионға жуық италиялық су тасқыны қаупі бар аймақтарда тұрады.

2014 жылы сол кездегі премьер-министр Маттео Ренци Italia sacra (қауіпсіз Италия) жедел тобын құрды, оның міндеті су тасқыны мен көшкіннің алдын алу болатын. Алайда, 2018 жылы Джузеппе Конте үкіметі бұл топты таратып, ешқашан жүзеге асырылмаған өз жобасын жасады.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)