Маралдыда алтын өндірісіне министрлік ешқандай рұқсат берген жоқ – Зүлфия Сүлейменова

20.05.2023, 14:37
789
Маралдыда алтын өндірісіне министрлік ешқандай рұқсат берген жоқ – Зүлфия Сүлейменова smartnews.kz

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Маралдыдағы алтын өндірісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының халқы алтын өндіру фабрикасының құрылысына былтырдан бері қарсылық танытып жатқан. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өңір халқымен кездесу барысында осы мәселеге орай жауап берді.

«Экология министрлігі компанияға рұқсат бермеген. Бізге сол жоба көрсетілген кезде, өзенге белгілі бір химиялық заттардың түсу мүмкіндігі туралы сұрақтар туындады. Мұның бәрін қарап шығып, өз пікірімізді айттық. Экология министрлігі алтын өндіруге ешқандай рұқсат бермегенін тағы да атап өткім келеді», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Зүлфия Сүлейменоваға Риддер қаласындағы дендросаябақтың орнына мектеп салу мәселесіне қатысты сұрақ қойылды. Тұрғындар білім ошағын басқа жерден салуды өтінді.

«Менің ойымша, бұл саябақты сақтап қалу керек. Бақты басқа жерге көшіргеннің өзінде жаңа ағаштарды отырғызуға жылдар кетеді. Әкімдіктен Бас жоспарды қайта қарап, халықтың пікірін ескеруді сұраймын», - деді министр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды