2294

Оралда банкоматта қалып қойған 600 мың теңгені ер адам алып кеткен

Банкомат ақауынан қолма-қол ақшасы картаға түспей қалған әйелдің ақшасын ер адам алып кеткен көрінеді.

Оралда банкоматта қалып қойған 600 мың теңгені ер адам алып кеткен
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда банкоматта қалып қойған 600 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен ер адам ұсталды. Ақша техникалық ақауға байланысты клиенттің картасына түспей қалған.

Оқиға қаладағы сауда үйлерінің бірінде болған. Әйел банкомат арқылы 600 мың теңгеден астам ақша салған. Алайда құрылғыда ақау пайда болып, қаражат оның картасына аударылмай, банкоматтың ақша қабылдайтын бөлігінде қалып қойған.

Одан кейін банкоматқа келген ер адам ақша салынған бөліктегі қаражатты алып кеткен. Полиция жедел жүргізген іздестіру шаралары барысында оның жеке басын анықтады. Күдікке ілінген 45 жастағы Орал тұрғыны ұсталды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алынған ақша заңды иесіне толық қайтарылған.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор