Атырауда 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

20.05.2023, 15:09
771
Атырауда 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін smartnews.kz

Атырауда бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін орындамаған 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесі қаралды. Онда Атырау қаласында жасөспірімдер мәселесі талқыланды.

«Былтыр комиссия отырысында ювеналды полиция бөлімі мен білім беру мекемелерінің ұсыныстары бойынша 116 іс қаралды. Ал, комиссияның биылғы 8 отырысында 47 жасөспірімге қатысты іске талдау жасалды. Оның ішінде кәмелетке толмаған 3 оқушы ұзақ уақыт бойы сабаққа бармағаны анықталды. Комиссия оқудан жалтарған жасөспірімдерді арнаулы мектепке орналастыруға байланысты тиісті қаулысы шығарды. Балаларының тәрбиесі мен білім алуына байланысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 8 адамды ата-ана құқығынан айыру туралы қаулы шығып, сотқа жіберілді. Төрт жасөспірімге тәртібін түзеу үшін сынақ мерзімі берілді. Үш ата-ана облыстық наркологиялық диспансерге 30 күн ем қабылдауға жатқызылды», -деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Оның айтуынша, жайсыз отбасында тәрбиеленіп, полиция есебіне алынған балалар қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бейім болғаны анықталған. Былтыр жайсыз отбасы есебіне алынғандар саны – 94. Биыл бұл есепте 75 отбасы тұр.

«Кәмелетке толмағандар мәселесі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері полиция қыметкерлерімен бірге айына екі рет жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекенжайына тексеру жүргізеді. Ең бастысы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын бұзбау мәселесіне назар аударылып отыр», -деп мәлім етті Нұржан Ермұханов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды