537

21 қыркүйекте Қазақстанда күн жылы әрі құрғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, алайда кей өңірлерде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

21 қыркүйекте Қазақстанда күн жылы әрі құрғақ болады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен кей өңірлерде түнде жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 17-32 градус аралығында болады.

  1.  

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +6...+8, күндіз +22...+24 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда түнде жаңбыр жаууы ықтимал. Термометр түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градусты көрсетеді.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +15...+17, күндіз +29...+31 градус жылы болады.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус.

Ақтауда түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус жылы болады. Атырауда түнгі температура +15...+17, күндіз +26...+28 градусқа жетеді.

Жезқазғанда түнде +12...+14, күндіз +24...+26 градус болжанған. Қарағандыда ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +22...+24 градус болады.

Көкшетауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6...+8, күндіз +22...+24 градус жылы болады. Қонаевта түнде жаңбыр жауып, ауа температурасы +15...+17, күндіз +26...+28 градус аралығында сақталады.

Қостанайда түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус болады. Қызылордада ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодарда түнде +10...+12, күндіз +17...+19 градус күтіледі. Петропавлда түнгі температура +6...+8, күндіз +20...+22 градус болады.

Семейде ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +19...+21 градус аралығында болады.

Талдықорғанда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +15...+17, күндіз +23...+25 градус жылы болады.

Таразда жауын-шашын болмайды. Түнде +12...+14, күндіз +26...+28 градус болжанған.

Түркістанда күн жылы әрі жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +15...+17, күндіз +30...+32 градусқа жетеді.

Оралда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10...+12, күндіз +22...+24 градус болады.

Өскеменде түнгі температура +8...+10, күндіз +19...+21 градус аралығында сақталады. Қалада жауын-шашын болжанбайды.

Материал авторы