769

Қостанайда кафе маңында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

Оқиға куәгерлерінің бірі жанжал сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Қостанайда кафе маңында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды
instagram.com/ilovekostanay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қаласының орталығында кафенің маңында болған жанжал куәгерлердің камерасына түсіп қалды. Оқиғаға қатысқан екі адам полицияға жеткізіліп, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаменті жазды.

Жанжал жазғы кафелердің бірінің маңында болған. Оқиға куәгерлері төбелес сәтін видеоға түсіріп, кейін кадрлар әлеуметтік желіде тараған.

Азаматтардың хабарламасынан кейін оқиға орнына полиция жасағы жіберілген. Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары құқыққа қайшы әрекетті тоқтатқан.

«Жанжалға қатысқан екі адам полиция бөліміне жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Ведомство тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және айналадағы адамдардың тыныштығын бұзатын жанжалдарға жол бермеуге шақырды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор