1351

Шымкентте қыз балаға тиісіп, оны подъезде алып кетпек болған 56 жастағы ер адамға 8 жыл сұралды

Оқиға 28 сәуірде болған, ал істегі бейнежазбаларда ер адамның қыз балаға көпқабатты үйдің кіреберісінде тиіскені көрсетілген.

Шымкентте қыз балаға тиісіп, оны подъезде алып кетпек болған 56 жастағы ер адамға 8 жыл сұралды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 28 сәуірде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі аяқталды. Прокурор 56 жастағы сотталушыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, қыздың адвокаттары он жыл жаза тағайындауды талап етті.

Іс материалдарына сәйкес, көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камераларына ер адам мен кәмелетке толмаған қыз түскен. Жазбада ер адамның баланы құшақтап, сүйгені және кейін оны өз пәтеріне қарай алып кетуге әрекет жасағаны көрсетілген. Қыз бала қашып үлгерген.

Бастапқыда ер адамға 50 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалған. Алайда жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым түсірген. Нәтижесінде алғашқы үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған балаға қатысты азғындық әрекеттер туралы 124-бабы бойынша қайта сараланған.

Қазір соттағы жарыссөз аяқталды. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор