Сенаторлар Атырау облысының өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

20.05.2023, 17:47
828
Сенаторлар Атырау облысының өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады inform.kz

Депутаттар Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Атырау облысында өткізді. Кездесудің тақырыбы өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылау болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Отырыс жұмысының ашылу барысында комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев инновациялар мен жоғары технологияларды тарта отырып, ішкі нарыққа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіпті дамыту қажеттігін атап өтті.

«Бүгін отырыста орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңдеуші өнеркәсіптің жүйелі мәселелері қаралып, талқыланды. Бизнес өкілдері тарапынан Комитеттің одан әрі заңнамалық жұмысында қарастыруды және ескеруді, оның ішінде қажет болған жағдайда орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамаларға тиісті түзетулер әзірлеуді қажет деп санайтын нақты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды», - деді сенатор Алдашев.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,7 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға өскен. Өңдеу өнеркәсібі бұл ретте 14,6%-ға өсіп, 231,8 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, отырыс аясында сенатор Сағындық Лұқпанов ел экономикасын одан әрі дамытуға қажетті көмірсутек шикізатын өңдеудің түйткілді мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ жиын барысында Инвестициялар комитетінің өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша баяндама жасады.

Депутаттар көшпелі сессия аясында облыстағы газ-химия кешенін, аралас циклді газ турбиналық электр станциясын, полимер және кабель өнімдерін шығаратын зауыттарды, мал шаруашылығы кешенін және басқа да бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады