1655

«Жалақысы жоғары жұмыс»: Шымкентте күмәнді жапсырмалар таратқан ер адам ұсталды

Полиция ер адамның көшелерге жоғары жалақы туралы ұсыныс пен есірткіге қатысты интернет-ресурстардың мекенжайы жазылған жапсырмалар таратқанын анықтады.

«Жалақысы жоғары жұмыс»: Шымкентте күмәнді жапсырмалар таратқан ер адам ұсталды
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте көшелерге есірткіге қатысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын жапсырмаларды таратқан ер адам ұсталды.

Полиция мәліметінше, қала тұрғыны көшелерге жоғары жалақы ұсынатын «жұмыс туралы» хабарландырулар мен есірткі құралдарын таратуға байланысты интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген жапсырмаларды орналастырған.

Құқық қорғау органдары аталған жарнамалық материалдарды тәркіледі. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Мұндай әрекет үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлікті тәркілеу қарастырылған.

Егер заңсыз жарнама білім беру ұйымдарында немесе адам көп жиналатын нысандарда жасалса, жаза үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрауы мүмкін. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор