22 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады
Елдің басым бөлігінде күн ашық болып, жаңбыр тек жекелеген өңірлерде жауады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 22 қыркүйекте күн райы негізінен құрғақ болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Кейбір өңірлерде түнде және таңертең тұман түссе, жекелеген аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +6...+8°C, күндіз +20...+22°C аралығында.
Алматыда түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C жылы болады. Шымкентте түнгі температура +12...+14°C, күндіз +28...+30°C-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C күтіледі. Ақтауда ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C болады.
Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Мұнда түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C болжанып отыр.
Жезқазғанда түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C болады. Қарағандыда ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C аралығында.
Көкшетауда түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C күтіледі. Қонаевта түнде +13...+15°C, күндіз +26...+28°C болады.
Қостанайда түнгі ауа температурасы +7...+9°C, күндіз +23...+25°C-қа жетеді. Қызылордада күндіз +30...+32°C-қа дейін жылынады.
Павлодарда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз ауа температурасы +21...+23°C болады. Петропавлда да түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Мұнда түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C болжанып отыр.
Семейде түнде +4...+6°C, күндіз +19...+21°C болады. Талдықорғанда ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +25...+27°C-қа дейін көтеріледі.
Таразда түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C болады. Түркістанда түнгі температура +14...+16°C, күндіз +30...+32°C аралығында.
Оралда түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C күтіледі. Өскеменде түнде +4...+6°C, күндіз +19...+21°C болады.
Материал авторы