Теңге нығая түсті: айырбастау орындарындағы валюта бағамы қандай
22 қыркүйекте доллар мен еуроның айырбастау орындарындағы бағасы белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағамдары белгілі болды.
Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 448,6 теңгеден сатып алып, 451,86 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы орта есеппен 509,98 теңге, сату бағасы 519,98 теңге болды. Ресей рублін 4,96 теңгеден сатып алып, 5,16 теңгеден сатуға болады.
Алматыда доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 447,62 теңге, ал сату бағамы 449,98 теңге деңгейінде. Еуроны айырбастау орындары орта есеппен 510,21 теңгеден сатып алып, 515,23 теңгеден сатуда. Рубльдің сатып алу бағасы 5,01 теңге, сату бағасы 5,13 теңге болды.
Шымкентте долларды орта есеппен 447,67 теңгеден сатып, 449,69 теңгеден алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 512,81 теңге, сату бағасы 516,98 теңге шамасында. Ал рубль 5,05 теңгеден сатып алынып, 5,12 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстандағы валюталардың бүгінгі ресми бағамы бойынша 1 доллар – 448,44 теңге, 1 еуро – 514,81 теңге, 1 рубль – 5,33 теңге.
Сонымен қатар, 21 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 448,44 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта бір күнде 1,36 теңгеге қымбаттаған.
Материал авторы