Шавкат Рахмонов костюм киіп, жұмбақ жазба жариялады
Қазақстандық UFC файтері спорттық киімін классикалық костюмге ауыстырып, әлеуметтік желіде жаңа суретін жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі жаңа жарияланымымен жанкүйерлерінің назарын аударды. Спортшы бұл жолы үйреншікті спорттық образынан бас тартып, классикалық костюммен түскен суретін жариялаған.
Фотода Рахмонов қатаң үлгідегі костюм киіп, камера алдында тұр. Алайда файтер бұл образдың қандай жағдайға байланысты таңдалғанын немесе қандай да бір жаңа жобаның бар-жоғын нақтыламаған.
Ол суретіне қысқа ғана «Қарастырып жатсыңдар ма?» деген жазба қалдырған. Бұл сөздер жарияланымның астарында не тұрғанын нақты түсінуге мүмкіндік бермейді.
Спортшының күтпеген стилі оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының қызығушылығын тудырды.
Материал авторы