Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
Теңіздегі жер сілкінісінің ошағы 46 шақырым тереңдікте орналасқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Жерасты дүмпулерін Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мамандары анықтаған.
Жер сілкінісі 21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18:13-те, ал Астана уақытымен 19:13-те болған.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары 40,56 градус солтүстік ендік және 52,04 градус шығыс бойлықты құраған. Жерасты дүмпулерінің ошағы 46 шақырым тереңдікте орналасқан.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісін тіркеген.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші