Президенттің 15 мамырдағы Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №7 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбеков қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Министрлік атынан И.Күлшімбаев туыстары мен жақындарына көңіл айтып, батыл әрі ержүрек батырды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.
«Сіз өз өміріңізді әртүрлі жолмен өткізе аласыз. Оны босқа, ешкімге пайдасыз етіп немесе біреу үшін жарақат алып, тіпті өліп кетуіңіз мүмкін. Осының екіншісі болса, сіз нағыз батырсыз. Арслан рухы мықты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есте қалады. Сіз нағыз ержүрек адамды өсірдіңіз!» - деді генерал-майор марқұмның жақындарына.
Азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы ТЖД «СПиАСР» ММ № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып бастады.
Алматы ТЖД «СПиАСР» ММ № 1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып жұмыс істеді.
Алматы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалды.
Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды.
2023 жылғы 8 мамырда Арслан Құрманбеков Іле-Алатау табиғи паркіндегі тау баурайында өртті сөндіру жөніндегі жедел топ құрамында қызметтік борышын өтеп, қаза тапты.