Әйелін аяусыз соққыға жығып өлтірген: аты шулы істің үкімі өзгеріссіз қалды

20.05.2023, 20:29
11375
Әйелін аяусыз соққыға жығып өлтірген: аты шулы істің үкімі өзгеріссіз қалды ulysmedia.kz

Қызылордада әйелі Ажар Шадиеваны туған күнінде айуандықпен өлтірген тұрғын Руслан Отарбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Бұл оқиға қазақ қоғамында үлкен резонансқа айналды. Бұл туралы smartnews.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2022 жылдың 3 тамызында болды. Одан кейін сот үкімі бойынша марқұмның 29 жастағы күйеуі бар болғаны 12 жылға қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтейтін болды.

«НеМолчм» қорының хабарлауынша, күні кеше Қызылордада бұл іс бойынша апелляциялық отырыс өткен. Жәбірленуші тараптың адвокаты Отарбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті, прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот бұл ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екенін мойындамады! Руслан Отарбаевтың туыстарының ешқайсысы қылмысқа ықпал еткені үшін жазаланған жоқ! Руслан Отарбаев осы айуандық ісі үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылады! Жәбірленушінің адвокаты Саида Сүлейменова өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокуратура 20 жыл сұрады! Сот бұл кәдімгі кісі өлтіру деп шешіп, істі екінші бөлімнен біріншіге ауыстырды!”, – деп жазды ақпарат көзі.

Еске салайық, ақпан айында жәбірленушілердің адвокатының айтуынша, Руслан Отарбаевтың сыбайласы - оның ағасы Нұрбол Отарбаев болғаны туралы материалды ұсынуды талап еткен. Олар мәйітті бірге шешіп, жуып, көрпемен жауып, анасын Ажар ұйықтап жатыр деп алдамақ болғаны хабарланды. Бірақ ол кезде марқұм әлдеқашан өліп қалған еді.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды