Ақтөбе облысында оқушылар мінген такси жол апатына ұшырады

21.05.2023, 09:10
530
Ақтөбе облысында оқушылар мінген такси жол апатына ұшырады smartnews.kz

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде екі көлік соқтығысты. Олардың бірінде болған 5 оқушының бірі ауруханаға түсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 09:50-де болған.
«Қарауылкелді ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі бойында»НИВА«мен»Лада Приора«автокөліктері соқтығысты. Салдарынан көлік ішінде болған қыздың «бұғанасына зақым келді» деген диагноз қойылды. Дерек аудандық полиция бөлімінде тіркелді«, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Аудандық аурухана мамандары балаларды қарап шығып, 12 жасар қызды жедел жәрдем көлігімен облыс орталығына жіберген. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Бұл жайттан аудан әкімдігі де хабардар. Оқушы қыздардың аудан орталығына не үшін келгені мәлім болды.

Негізі Ноғайты ауылында іс-шара өткізіп жатырмыз – ұландар слеті. Оған таңертең автобуспен балалар кетті. Жанында полиция бар. Одан кейін осы хабар келді. Білім саласына жауапты адамдардан мән-жайды сұрадым. Біз ұйымдастырып жатқан шараға еш қатысы болмай шықты.

Бес бала таксимен аудан орталығына келген. Ауыл жақын. Шамамен 18 шақырым болады. Қарауылкелдідегі көше қиылысында екі көлік соқтығысқан. Бес баланы дәрігерлер қарады. Бәрі дін аман. Бір қыздың бұғанасы жарылған, оны жедел жәрдем қалаға алып кеткен. Оның жағдайын білу үшін аудандық білім бөлімінің басшысын қалаға жібердім. Жағдайын білді. Дін аман, ауруханадан шыққан екен. Ауылға қайтып келе жатыр.

Негізі балалардың жанында ата-аналары болмаған. Оқушылардың өздері аудан орталығына келген. Аудан орталығындағы дүкеннен өздеріне қажетті киім-кешек алуға шыққан деп айтты«,- деді Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады