24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: өңірлерде температура +34 градусқа дейін көтеріледі
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, алайда солтүстік өңірлердің кей қалаларында жаңбыр жаууы мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 24 қыркүйекте ауа райы негізінен жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Дегенмен солтүстік өңірлердің кей жерінде жаңбыр жауып, бірқатар облыста жел күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +16-дан +34 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.
Астанада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +5...+7, күндіз +19...+21 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.
Алматыда да жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы болжанған. Түнде +12...+14, күндіз +25...+27 градус жылы болады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте түнгі температура +12...+14, күндіз +27...+29 градусқа дейін көтеріледі. Ақтауда ауа райы ашық болып, күндіз +32...+34 градусқа дейін жылынады. Атырауда күндіз +28...+30, Ақтөбеде +24...+26 градус күтіледі.
Жезқазғанда күндіз +22...+24, Қарағандыда +16...+18, Қонаевта +27...+29, Қостанайда +21...+23 градус болады. Қызылордада ауа +26...+28, Павлодарда +18...+20 градусқа дейін жылымақ.
Көкшетауда жаңбыр жауып, күндіз +19...+21 градус болады. Петропавлда да жаңбыр жауады, ауа температурасы +17...+19 градус шамасында сақталады.
Семейде күндіз +17...+19, Талдықорғанда +24...+26, Таразда +26...+28, Түркістанда +27...+29 градусқа дейін жылы болады. Оралда ауа температурасы +26...+28, Өскеменде +17...+19 градус аралығында болады.
Сонымен қатар бірқатар өңірде жел күшеюі мүмкін. Қызылордада желдің екпіні секундына 15-20 метрге, Атырау мен Түркістанда 15-20 метрге дейін жетеді.
Айта кетейік, «Қазгидрометтің» 24-26 қыркүйекке арналған жалпы болжамында алдағы күндері ел аумағында ауа райының тұрақсызданатыны және температураның біртіндеп төмендейтіні айтылған.
Материал авторы