1081

Доллар 450 теңгеге жетпеді: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Айырбастау орындарында негізгі валюталардың сатып алу және сату бағалары жарияланды.

Доллар 450 теңгеге жетпеді: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы
Pavlo Conchar/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағалары белгілі болды.

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 441,85 теңгеден сатып алып, 448,70 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы орта есеппен 504,56 теңге болса, сату құны 514,56 теңгеге жеткен. Ресей рублін 4,94 теңгеден өткізіп, 5,14 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда долларды орта есеппен 444,24 теңгеден сатуға және 446,56 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 507,04 теңге, сату бағасы 511,87 теңге деңгейінде қалыптасты. Рубльді айырбастау орындары орта есеппен 5,01 теңгеден қабылдап, 5,12 теңгеден сатуда.

Шымкентте доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 444,42 теңге, ал сату бағасы 446,46 теңге болды. Еуроны 508 теңгеден өткізіп, шамамен 512,79 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,05 теңге, сату бағасы 5,12 теңге деңгейінде.

24 қыркүйекке белгіленген ресми бағам бойынша 1 доллар 445,65 теңге, 1 еуро 508,71 теңге, 1 рубль 5,3 теңгеге тең.

Материал авторы