Дүкенде азық-түлік бағасының жазылмай тұруы заңды ма

21.05.2023, 12:15
784
Дүкенде азық-түлік бағасының жазылмай тұруы заңды ма smartnews.kz

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Сауда орындарында азық-түлік бағасының жазылмай тұруы қаншалықты заңды?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Кейбір дүкендер мен базарларда сөреге қойылған азық-түліктің бағасы жазылмай тұрады. Ал кей жағдайларда бағасы жазылып тұрғанымен, кассаға келгенде сатушы оның қымбатырақ екенін айтып жатады. Бұның қаншалықты заңды екендігін ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Қанат Жеңісбекұлы айтып берді.

«Тауарларда баға белгілерінің болмауы – тұтынушылардың құқығын бұзу. Аталған құқық бұзушылықты жасағандар ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 6 АЕК (20 700 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10 АЕК (34 500 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады», - дейді ол.

Ал сатушының азық-түлікті көрсетілген бағадан қымбатырақ сатуы – «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның 24-бабын өрескел бұзу. Осындай жағдайға тап болған өңір тұрғындары Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымдана алады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды