«Жанында әйел болған»: Шымкентте танымал асаба есірткіге қатысты күдікпен ұсталды
Полиция оның қонақүйдегі бөлмесінен ақ ұнтақ пен өсімдік тектес зат тәркіленгенін хабарлады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі қонақүй кешендерінің бірінде полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен танымал асабаны ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған азамат – Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны, С. есімді азамат.
Қонақүйдегі бөлмені тінту кезінде полицейлер ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимер пакет пен өсімдік тектес затты анықтап, тәркілеген.
Күдіктімен бірге қонақүй бөлмесінде әйел болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, ол интимдік қызмет көрсеткен.
Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» деп аталатын зат екенін айтып, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын түсіндірген.
Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Материал авторы