422

Қазақстанда күн күрт салқындайды: кей өңірде -3 градусқа дейін аяз болады

28 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, жекелеген оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады.

Қазақстанда күн күрт салқындайды: кей өңірде -3 градусқа дейін аяз болады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 28 қыркүйекте негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Ал елдің оңтүстігінде күндіз ауа +26 градусқа дейін жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде -1...-3, күндіз +11...+13 градус.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +9...+11, күндіз +21...+23 градус.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10...+12, күндіз +20...+22 градус.

Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +3...+5, күндіз +17...+19 градус.

Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.

Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +10...+12, күндіз +21...+23 градус.

Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +3...+5, күндіз +14...+16 градус.

Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3, күндіз +13...+15 градус.

Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус.

Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3...+5, күндіз +16...+18 градус.

Қызылордада күн аз бұлтты болады. Түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +21...+23 градус.

Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3...+5, күндіз +13...+15 градус.

Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде -1...-3, күндіз +15...+17 градус.

Семейде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3...+5, күндіз +11...+13 градус.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +7...+9, күндіз +21...+23 градус.

Таразда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +12...+14, күндіз +23...+25 градус.

Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.

Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +5...+7, күндіз +17...+19 градус.

Өскеменде күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +2...+4, күндіз +15...+17 градус.

Материал авторы