665

«Алматы әлдеқайда жақсы»: Павлодар туралы жазбасы үшін әйелге айыппұл салынды

Әлеуметтік желідегі видеосында Павлодарды балағаттаған 41 жастағы Алматы тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

«Алматы әлдеқайда жақсы»: Павлодар туралы жазбасы үшін әйелге айыппұл салынды
t.me/POLICE_of_KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Павлодарды балағаттаған Алматы тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылып, 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Қазақстан ІІМ-нің Telegram-дағы арнасы жазды.

Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында әйелдің жеке парақшасындағы видеоны анықтаған. Онда ол Павлодар туралы әдепсіз сөздер айтып, Алматыны жақсы көретінін жеткізген.

Құқық қорғау органдары видеоны жариялаған адамның жеке басын жедел анықтады. Ол Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Полиция әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартқан.

Сот шешімімен оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор