Көкшетауда қыз көлік жүріп келе жатқанда есіктен шығып, жарақат алған
Әуезов көшесінде Volkswagen көлігінің жүргізушісі мен жолаушы қыздың арасында жанжал болып, қыз қозғалыс кезінде көліктен шығып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда жүргізушімен сөзге келген қыз қозғалыстағы көліктен түсіп кетіп, дене жарақатын алған. Оқиғаға байланысты ол әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Көкшетау қалалық полиция департаменті жазды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Әуезов көшесінде болған. Volkswagen көлігі қозғалып келе жатқан кезде жүргізуші мен жолаушы қыздың арасында ауызша жанжал туындаған.
Полицияның хабарлауынша, жанжал барысында қыз көлік жүріп келе жатқанда одан түсіп кеткен. Салдарынан дене жарақатын алған.
Оқиға Көкшетау қаласы полиция басқармасында тіркелді. Қыз жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тексеру жүргізіп жатыр.
Материал авторы