1002

Доллар 441 теңге: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

29 қыркүйекте ресми бағам бойынша доллар 441,77 теңге болса, айырбастау орындарындағы көрсеткіштер қалаға қарай өзгеріп отыр.

Доллар 441 теңге: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы
Tunahan Turhan/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамдары белгілі болды. Бұл туралы Kurs.kz жазды.

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 437 теңгеден сатып алып, 444 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы — 498,23 теңге, сату бағасы — 507 теңге. Ресей рублін айырбастау орындары 4,90 теңгеден сатып алып, 5,10 теңгеден сатуда.

Алматыда бір долларды орта есеппен 439,36 теңгеге сатып, 441,67 теңгеге сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 500,22 теңге, сату бағасы 504,96 теңге болып отыр. Рубльді 4,96 теңгеге сатып, 5,07 теңгеге сатып алуға болады.

Шымкентте доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 440 теңге, сату бағасы 442,04 теңге деңгейінде. Еуроны айырбастау орындары 500,75 теңгеден сатып алып, 506,13 теңгеден сатуда. Рубльдің бағамы тиісінше 4,99 және 5,07 теңге.

Ал 29 қыркүйекке белгіленген ресми бағам бойынша:

  • 1 доллар — 441,77 теңге;

  • 1 еуро — 502,38 теңге;

  • 1 рубль — 5,23 теңге.

Материал авторы