833

+27 градусқа дейін жылынады, түнде үсік түседі: 30 қыркүйекке арналған болжам

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталғанымен, оңтүстік пен батыста жаңбыр және найзағай күтіледі.

+27 градусқа дейін жылынады, түнде үсік түседі: 30 қыркүйекке арналған болжам
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 30 қыркүйекте күн райы негізінен құрғақ болады. Дегенмен елдің оңтүстігі мен батысының кей бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар қалада түнгі температура +2 градусқа дейін төмендеп, топырақ бетінде үсік күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ел бойынша күндіз ауа температурасы кей жерлерде +27 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнгі уақытта солтүстік және шығыс өңірлердің бірқатарында салқын ауа райы сақталады.

Астана қаласында күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз жел екпіндейді. Түнде ауа температурасы +4...+6, күндіз +19...+21 градус аралығында.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус жылы болады.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіндейді. Түнде +10...+12, күндіз +22...+24 градус күтіледі.

Ақтөбеде күн ашыққа жақын, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +2...+4, күндіз +18...+20 градус.

Ақтауда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнгі температура +13...+15, күндіз +24...+26 градус.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус.

Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +7...+9, күндіз +17...+19 градус.

Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Таңертең және күндіз жел екпіндейді. Түнде +2...+4, күндіз +19...+21 градус. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Көкшетауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +2...+4, күндіз +18...+20 градус. Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік түсуі мүмкін.

Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус.

Қостанайда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +3...+5, күндіз +20...+22 градус.

Қызылордада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.

Павлодарда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +2...+4, күндіз +18...+20 градус. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік түсуі ықтимал.

Петропавлда күн аз бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +2...+7, күндіз +19...+21 градус. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Семейде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +3...+5, күндіз +18...+20 градус.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 0...+2, күндіз +25...+27 градусқа дейін көтеріледі.

Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10...+12, күндіз +21...+23 градус.

Түркістанда жауын-шашын болмайды, күндіз жел екпіндейді. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус.

Оралда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +3...+5, күндіз +19...+21 градус.

Өскеменде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +2...+4, күндіз +17...+19 градус. Топырақ бетінде 4 градусқа дейін үсік күтіледі.

Материал авторы