Доллар 440 теңгеден төмендеді: 30 қыркүйектегі валюта бағамы
Айырбастау орындарында доллардың сатып алу және сату бағасы әртүрлі қалыптасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамы белгілі болды. Мәліметтер Kurs.kz деректеріне негізделген.
Астанада долларды айырбастау орындары орта есеппен 434,86 теңгеден сатып алып, 441,86 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы орта есеппен 495,01 теңге, сату бағасы 505,01 теңге. Ресей рублін 4,91 теңгеден сатып, 5,11 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда бір долларды орта есеппен 437,44 теңгеден сатып, 439,94 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 498,07 теңге, сату бағасы 502,71 теңге. Рубль 4,95 теңгеден сатып алынып, 5,07 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте айырбастау орындары долларды орта есеппен 438,40 теңгеден сатып алып, 440,44 теңгеден сатуда. Еуроны 495,60 теңгеден сатып, 503,63 теңгеден алуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағасы 4,98 теңге, сату бағасы 5,06 теңге.
Қазақстандағы ресми бағам бойынша 30 қыркүйекте 1 доллар 439,37 теңге, 1 еуро 498,60 теңге, 1 рубль 5,22 теңге болып белгіленді.
29 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 439,37 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта бір күнде 1,83 теңгеге арзандаған.
Материал авторы