984

Доллар 440 теңгеден асты: айырбастау орындарындағы бүгінгі бағам

Айырбастау орындарында доллардың сатып алу және сату бағасы әртүрлі қалыптасты.

Доллар 440 теңгеден асты: айырбастау орындарындағы бүгінгі бағам
Tunahan Turhan/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль бағамы белгілі болды. Валюталардың сатып алу және сату құны қалаға қарай өзгеріп отыр.  

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 436 теңгеден сатып алып, 443 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы — 497 теңге, сату бағасы — 507 теңге. Ал рубльді 5 теңгеден сатып алуға, 5,20 теңгеден сатуға болады.

Алматыда долларды орта есеппен 438,16 теңгеден сатып алып, 440,57 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы 498,84 теңге болса, сату бағасы 503,27 теңгені құрайды. Рубльді айырбастау орындары орта есеппен 4,98 теңгеден сатып алып, 5,10 теңгеден сатуда.

Шымкентте доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 439,13 теңге, сату бағасы 441,10 теңге болды. Еуроны 498,71 теңгеден сатып алып, 503,71 теңгеден сатуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,01 теңге, сату бағасы 5,08 теңге деңгейінде.

1 қазанға белгіленген ресми бағам бойынша 1 доллар — 440,86 теңге, 1 еуро — 500,77 теңге, 1 рубль — 5,27 теңге.

Айта кетейік, 30 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 440,86 теңге болды. Бір күн ішінде америкалық валюта 1,59 теңгеге қымбаттаған. 

Материал авторы