643

Қонаевтағы зорландым деген шетелдік әйел туралы полиция жаңа мәлімет жариялады

Алматы облысының полициясы күдіктілердің полиция қызметкерлері екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Қонаевтағы зорландым деген шетелдік әйел туралы полиция жаңа мәлімет жариялады
picture alliance via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының полиция департаменті Қонаевта 28 жастағы шетелдік әйелдің зорлау туралы мәлімдемесіне қатысты қосымша ақпарат жариялады. Ведомство күдіктілердің полиция қызметкерлері екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Полиция мәліметінше, әйелдің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Тергеудің бастапқы кезеңінде арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Әйелдің арызы бойынша оқиға Қонаев қаласында болған. Бастапқы тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталып, жеткізілді», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство оқиғаға қатысты айтылған барлық уәж бен мән-жай мұқият тексерілетінін және оларға тиісті құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Қазір қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Істі Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуде.

Сонымен қатар полиция күдіктілердің ведомство қызметкерлері екені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін нақтылады.

«Күдіктілер полиция қызметкерлері деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – деді полиция департаменті.

Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары әзірге жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін 28 жастағы шетелдік әйел Қонаевта жергілікті полиция қызметкерлері деп көрсетілген адамдардың өзін топ болып зорлағанын мәлімдеген еді. Осы арыздан кейін қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті ұсталғаны хабарланған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор