Жаңбыр, найзағай, екпінді жел: 2 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
2 қазанда елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, жел күшейеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 2 қазанда ауа райы тұрақсыз болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Бірқатар өңірде жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.
Синоптиктердің болжамынша, 2 қазанда қалалардағы күндізгі ауа температурасы +10 пен +25 градус аралығында болады.
Астана. Аспанды бұлт аралап, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Түнде +5...+7, күндіз +18...+20 градус.
Алматы. Күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 5-10 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12, күндіз +20...+22 градус.
Шымкент. Жауын-шашын күтілмейді. Жел 8-13 м/с болады. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус.
Ақтөбе. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел 7-12 м/с. Түнде +5...+7, күндіз +13...+15 градус.
Ақтау. Бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +14...+16, күндіз +20...+22 градус.
Атырау. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Жел 6-11 м/с. Түнде +6...+8, күндіз +16...+18 градус.
Жезқазған. Жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +5...+7, күндіз +20...+22 градус.
Қарағанды. Жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +6...+8, күндіз +16...+18 градус.
Көкшетау. Жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-12 м/с. Түнде +5...+7, күндіз +16...+18 градус.
Қонаев. Жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +11...+13, күндіз +21...+23 градус.
Қостанай. Жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Түнде +3...+5, күндіз +14...+16 градус.
Қызылорда. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 9-14 м/с. Түнде +7...+9, күндіз +23...+25 градус.
Павлодар. Жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +5...+7, күндіз +19...+21 градус.
Петропавл. Жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с болады. Түнде +3...+5, күндіз +15...+17 градус.
Семей. Жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с. Түнде +2...+4, күндіз +16...+18 градус.
Талдықорған. Бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с. Түнде +10...+12, күндіз +18...+20 градус.
Тараз. Жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с. Түнде +8...+10, күндіз +22...+24 градус.
Түркістан. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус.
Орал. Жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0...+2, күндіз +10...+12 градусқа дейін көтеріледі.
Өскемен. Жаңбыр жауып, жел 9-14 м/с болады. Түнде +1...+3, күндіз +18...+20 градус күтіледі.
Материал авторы