2 қазанда доллар қанша теңге болды: айырбастау орындарындағы жаңа бағам
2 қазанда айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағасы әр қалада әртүрлі қалыптасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің бағамы белгілі болды. Астана, Алматы және Шымкентте валюталардың сатып алу және сату құны бір-бірінен аздап ерекшеленеді.
Астанада айырбас пункттері долларды орта есеппен 438,95 теңгеден сатып алып, 445,95 теңгеден сатты. Еуроның сатып алу бағасы — 499,96 теңге, сату бағасы — 509,96 теңге. Ресей рублін айырбастау орындары орта есеппен 5,07 теңгеден қабылдап, 5,27 теңгеден сатты.
Алматыда бір долларды орта есеппен 442,30 теңгеге сатуға, ал 445,01 теңгеге сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы 500,26 теңге, сату бағасы 504,69 теңге болды. Рубль 5,02 теңгеден қабылданып, 5,14 теңгеден сатылды.
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы 442,79 теңге, сату бағасы 444,88 теңге болды. Еуроны айырбастау орындары орта есеппен 499,55 теңгеден сатып алып, 504,43 теңгеден сатты. Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,05 теңге, сату бағасы 5,11 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ал Қазақстан бойынша белгіленген ресми бағамға келсек, 2 қазанда 1 доллар — 441,91 теңге, 1 еуро — 499,05 теңге, ал 1 рубль — 5,30 теңге болды.
Айырбастау орындарындағы нақты курс пен ресми бағам арасында айырмашылық болуы мүмкін, сондықтан валютаны айырбастамас бұрын бірнеше пункттегі бағаны салыстырған жөн.
Материал авторы