«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

22.05.2023, 16:56
582
«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады smartnews.kz

Астана қаласында «Елорда жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Елорда жастары» - қала әкімдігі мен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы.

Бағдарлама жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді. Оған қатыса алады: жас мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар, ЖОО ұстаздары мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мен коммуналдық қызмет қызметкерлері, Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сондай-ақ Астана қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.

Қарыз алушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға Астана қаласы әкімдігі 1,5 млрд теңге, Отбасы банк 1,5 млрд теңге бөліп отыр. Бұл қаражатқа 200-ге жуық тұрғын баспаналы болады деп күтілуде.

Әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті атқарушы билік қалыптастырады.

Өтініштер qatysu.zhilfond.kz сайтында 2023 жылдың 30 мамыры сағат 9:00 бастап, 6 маусым сағат 23:59 дейін қабылданады. Авторизациядан өту үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Үміткерлер пулы балдық жүйе бойынша қалыптасады, онда - еңбек өтілі, өтініш берушінің 1, 2, 3-інші мүгедектік тобына жататын-жатпайтынын (ерлі-зайыптының немесе балаларының бірі) ескеріледі.

Пул құрылғаннан кейін оның қатысушылары Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады.

Банк бағдарлама қатысушысының төлем қабілеттілігін тексеріп, жылдық 5 пайызбен (ЖТСМ 5,2% бастап) жеңілдетілген несие береді. Алғашқы жарна – 10%.Елордалық жас тұрғындарға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңге, мерзімі – 25 жылға дейін.Оның көмегімен бастапқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан үйден баспана сатып алуға болады.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол