1276

Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығы ескерткіші жанында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

18 жастағы жүргізуші Mercedes-Benz көлігімен қауіпті маневр жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген.

Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығы ескерткіші жанында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
t.me/POLICE_of_KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш маңында Mercedes-Benz көлігімен дрифт жасаған 18 жастағы жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі жазды.

Полицияның мәліметінше, жас жүргізуші ескерткіш орналасқан аумақты көлік жарысына арналған алаңға айналдыруға әрекет жасаған.

Оқиға кезінде 18 жастағы Шымкент тұрғыны Mercedes-Benz көлігінің тізгінінде болған. Ол қауіпті маневрлер жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген. Сонымен қатар түнгі уақытта тыныштықты бұзған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полиция қауіпті әрекеттің жолын кескен.

Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Материал авторы