«ҚазМұнайГаз» бірінші тоқсанда қанша мұнай экспорттады

22.05.2023, 18:13
721
«ҚазМұнайГаз» бірінші тоқсанда қанша мұнай экспорттады smartnews.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы магистральді құбырлар арқылы мұнай тасымалын арттырып, теңізбен тасымалды азайтқан. Бұл туралы акционерлік қоғамның 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелері туралы есебінде айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Магистральды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 4,5% артып, 16 765 мың тоннаға жетті. Көлемнің өсуіне негізінен ҚазТрансОйл жүйесі бойынша Самара бағытына қарай Қашаған мұнайы көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ Дунга және Теңіз кен орындарынан Ақтау порты бағытына мұнай тасымалының ұлғаюы әсер етті», - делінген есепте.

Ал теңіз арқылы тасымал 7 пайыздан астамға кеміген.

«Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 7,7% немес 2 094 мың тоннаға азайды. Мұның себебі – жеткізілімдердің басқа маршруттарға қайта бағытталуына байланысты қазақстандық жүк жөнелтушілердің Жерорта теңізінмен экспортталатын мұнай көлемін төмендетуі.

ҚМГ мен Әзербайжанның SOCAR компаниясы арасындағы Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жыл сайын көлемі 1,5 млн тонна болатын мұнай транзиті туралы келісім аясында 2023 жылдың сәуір айында Джейхан терминалынан «Petromidia» МӨЗ-і үшін Констанца румын порты бағытына қарай 90 мың тонна көлемінде мұнайдың алғашқы партиясы танкермен тасымалданды», - деп жазылған компанияның мәліметінде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды