Жаңбыр мен қар жауады: Қазақстанда 5 қазанда ауа райы қандай болады
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, кей жерлерде найзағай мен екпінді жел соғады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 5 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын қарға ұласады. Жекелеген облыстарда найзағай ойнап, желдің екпіні күшейеді. Түнде ауа температурасы 0-ден +15 градусқа дейін, күндіз +2-ден +18 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамы жазды.
Астана. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр және қар жауады. Жел екпінді, күндіз өте қатты жел соғуы ықтимал. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз 0...+2 градус болады.
Алматы. Ауа райы құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауады, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Жел екпінді болады. Түнгі температура +12...+14 градус, күндіз +8...+10 градус.
Шымкент. Ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде +13...+15 градус, күндіз +6...+8 градус.
Ақтөбе. Құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9...+11 градус, күндіз +2...+4 градус.
Ақтау. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +16...+18 градус, күндіз +6...+8 градус.
Атырау. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел екпінді болады. Түнде +13...+15 градус, күндіз +2...+4 градус.
Жезқазған. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел екпінді. Түнде +8...+10 градус, күндіз +3...+5 градус.
Қарағанды. Ауа райы құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнгі және күндізгі температура +3...+5 градус шамасында болады.
Көкшетау. Құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпінді. Түнде +3...+5 градус, күндіз 0...+2 градус.
Қонаев. Құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12...+14 градус, күндіз +8...+10 градус.
Қостанай. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнде +3...+5 градус, күндіз 0...+2 градус.
Қызылорда. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15 градус, күндіз +6...+8 градус.
Павлодар. Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Түнгі температура +8...+10 градус, күндіз +3...+5 градус.
Петропавл. Жаңбыр мен қар жауады. Түнде +3...+5 градус, күндіз +1...+3 градус.
Семей. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, жел екпіндейді. Түнде +13...+15 градус, күндіз +6...+8 градус.
Талдықорған. Жаңбыр, найзағай күтіледі, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде +13...+15 градус, күндіз +10...+12 градус.
Тараз. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12...+14 градус, күндіз +8...+10 градус.
Түркістан. Түнде жаңбыр жауады, күндіз жел екпіндейді. Түнде +13...+15 градус, күндіз +8...+10 градус.
Орал. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11...+13 градус, күндіз +2...+4 градус.
Өскемен. Құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +10...+12 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Материал авторы