Доллар 452 теңгеге дейін: 5 қазанда айырбастау орындарындағы валюта бағамы қандай
5 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағасы белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу және сату бағалары белгілі болды.
Астана. Қаладағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 445 теңгеге сатып, 452 теңгеге сатып алуғаболады. Еуроны өткізу бағасы орта есеппен 502 теңге, сатып алу құны 512 теңге болып отыр. Ресей рублін 5,14 теңгеге өткізіп, 5,34 теңгеге сатып алуға болады.
Алматы. Мұнда бір долларды орта есеппен 448,94 теңгеге сатып, 451,59 теңгеге алуға болады. Еуроның сату бағасы 503,74 теңге, сатып алу бағасы 508,62 теңге. Ал рубльді айырбастау орындары орта есеппен 5,07 теңгеден сатып алып, 5,20 теңгеден сатады.
Шымкент. Қалада долларды орта есеппен 449,17 теңгеге сатып, 451,30 теңгеге сатып алуға болады. Еуроны өткізу бағасы шамамен 504,93 теңге, сатып алу құны 510,27 теңге. Ресей рублі 5,12 теңгеден қабылданып, 5,18 теңгеден сатылады.
Айырбастау орындарындағы орташа көрсеткіштер Kurs.kz деректеріне негізделген.
Ал Қазақстандағы ресми валюта бағамы бойынша 5 қазанда 1 доллар – 447,73 теңге, 1 еуро – 502,98 теңге, 1 рубль – 5,35 теңге болып белгіленді.
Материал авторы