225

Доллар 455 теңгеге дейін: 7 қазанда айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Доллар мен еуроның айырбастау орындарындағы бағамы белгілі болды.

Доллар 455 теңгеге дейін: 7 қазанда айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
Africa images / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің бағамы әртүрлі қалыптасты.  

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 448,02 теңгеден сатып алып, 455 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 499,02 теңге, сату бағасы – 509,02 теңге. Ресей рублін 5 теңгеден өткізіп, 5,20 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда долларды айырбастау орындары орта есеппен 449,83 теңгеден сатып алып, 452,54 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы 505,68 теңге болса, сату құны 510,42 теңгеге жетеді. Рубльді 5,10 теңгеден өткізіп, 5,22 теңгеден сатып алуға болады.

Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы 449,93 теңге, сату бағасы 452,45 теңге болып отыр. Еуроны 506,18 теңгеден өткізіп, 511,59 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағасы – 5,12 теңге, сату бағасы – 5,18 теңге.

Ал Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы бойынша 1 доллар – 453,65 теңге, 1 еуро – 509,99 теңге, ал 1 Ресей рублі 5,31 теңге болып белгіленді. 

Материал авторы