723

8 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, кей қалаларда желдің екпіні күшейеді.

8 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 8 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, бірқатар облыста жел күшейеді. Күндізгі ауа температурасы қалаларда +8…+24 градус аралығында болады.

Астанада күн бұлтты әрі жауын-шашынды болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде ауа температурасы +5…+7, күндіз +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +7…+9, күндіз +17…+19 градус болады. Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнгі температура +6…+8, күндіз +21…+23 градус шамасында.

Ақтөбеде түнде аздап жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +16…+18 градусқа жетеді. Ақтауда түнде жаңбыр жауып, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Күндіз ауа +21…+23 градусқа дейін жылынады.

Атырауда күн ашыққа жақын, жауын-шашынсыз болады. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24 градус күтіледі. Қызылордада да жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +7…+9-дан +22…+24 градусқа дейін көтеріледі.

Жезқазғанда күндіз жел күшейеді. Түнде +8…+10, күндіз +17…+19 градус болады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнгі температура +4…+6, күндіз +9…+11 градус.

Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, жел екпіндейді. Күндіз +8…+10 градусқа дейін жылынады. Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр жауып, жел күшейеді. Температура +5…+7-ден +12…+14 градусқа дейін өзгереді.

Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде +3…+5, күндіз +10…+12 градус болады. Петропавлда жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +8…+10 градус шамасында.

Семейде күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде +2…+4, күндіз +11…+13 градус болады. Өскеменде де күндіз жаңбыр жауып, жел екпіндейді. Түнгі температура +2…+4, күндіз +11…+13 градус.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, бірақ құбылмалы бұлтты ауа райы қалыптасады. Түнде +1…+3, күндіз +18…+20 градус күтіледі. Таразда ауа райы жауын-шашынсыз болады, температура +5…+7-ден +19…+21 градусқа дейін көтеріледі.

Түркістанда жауын-шашын болмайды. Түнде +6…+8, күндіз +21…+23 градусқа дейін жылынады. Оралда да жаңбыр жаумайды, алайда түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +6…+8, күндіз +17…+19 градус болады.

Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +5…+7, күндіз +19…+21 градус болады.

Материал авторы