Доллар, еуро, рубль: 8 қазанда айырбастау пункттеріндегі бағамдар қандай
Айырбастау орындарында негізгі валюталардың сатып алу және сату бағалары жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 қазанда Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамдары әр қалада әртүрлі қалыптасты. Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта құны жарияланды.
Астанада тұрғындар долларды орта есеппен 444,94 теңгеге сата алады, ал сатып алу бағасы 451,93 теңге болды. Еуроның сату бағамы 496,06 теңге, сатып алу бағамы 506,06 теңге. Ресей рублін айырбастау пункттері орта есеппен 5 теңгеден қабылдап, 5,20 теңгеден сатуда.
Алматыда долларды сату бағамы орта есеппен 447,93 теңге, сатып алу бағамы 450,52 теңге болды. Еуро 500,46 теңгеден қабылданып, 505,18 теңгеден сатылуда. Рубльдің сату бағамы 5,07 теңге, сатып алу бағамы 5,19 теңге деңгейінде.
Шымкентте долларды орта есеппен 447,59 теңгеге өткізіп, 449,67 теңгеге сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы 501,43 теңге, сатып алу бағамы 506,70 теңге болды. Рубль 5,09 теңгеден қабылданып, 5,16 теңгеден сатылуда.
8 қазанға белгіленген ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары – 447,14 теңге, 1 еуро – 500,35 теңге, ал 1 рубль – 5,24 теңге.
Материал авторы