682

Көксайда көлік тротуарға шығып кетіп, екі жасөспірімді қағып кетті

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіге тарап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Көксайда көлік тротуарға шығып кетіп, екі жасөспірімді қағып кетті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Көксай ауылында көлік тротуарға шығып кетіп, сол жерде келе жатқан екі жасөспірім зардап шекті. Оқиға 2 қазанда болған.

Жол апаты шамамен сағат 11:00-де болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жолмен келе жатқан кезде басқа бір автокөлік жолға шығуға әрекет жасаған. Сол сәтте көліктердің бірі екіншісін іліп кетіп, басқарудан шығып, тротуарға қарай бағыт алған. Бұл уақытта тротуарда жасөспірімдер жүрген.

Апат салдарынан екі кәмелетке толмаған бала денесінен жарақат алған. Көлік тротуардан қайта жолға шығып, тағы бір автокөлікке соғылған.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция жол апатының барлық мән-жайын жан-жақты анықтап, оқиғаға құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Материал авторы