878

Атырауда қылмыстық іс бойынша күдікті ер адам ғимарат қабырғасынан табылды

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам танысымен болған жанжал кезінде бірнеше адаммен бірге оған күш қолданған.

Атырауда қылмыстық іс бойынша күдікті ер адам ғимарат қабырғасынан табылды
Atyrau Oil

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудың Самал ықшамауданында қылмыстық іс бойынша күдікті ер адам қауіпті жағдайда қалып, полиция қызметкерлерінің көмегімен құтқарылды. Әлеуметтік желілерде оның бұл әрекетіне полиция тарапынан қысым жасалғаны себеп болды деген ақпарат тараған. Алайда құқық қорғау органдары бұл мәліметті жоққа шығарды. Бұл туралы Atyrau Oil арнасы жазды.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы 31 жастағы ер адам қыркүйек айында қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Ведомствоның мәлімдеуінше, ол полицияға бірнеше рет шақырылғанымен, келуден жалтарған. Қазір ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция қылмыстық істің ер адамның танысымен болған жанжалға байланысты қозғалғанын хабарлады. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті бірнеше адаммен бірге жәбірленушіге күш қолданған. Іс бойынша соттың жеке қаулысына сәйкес, оның әрекеттеріне құқықтық баға беру тапсырылған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен ер адамның әрекетіне түрткі болған себептер анықталуда.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дерекке сүйенуге шақырды.

Материал авторы