Астанада көшеде әйел қайтыс болды: куәгерлер оны құтқаруға тырысқан
Оқиға орнындағы адамдар әйелге алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада көшеде әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, кейін қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиға куәгерлері оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Бұл туралы Astanovka98 жазды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, әйелге көшеде кенеттен жағдайы нашарлаған. Оқиға орнындағы адамдар жедел жәрдем келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге әрекет жасаған.
Әлеуметтік желідегі ақпаратта жедел жәрдем бригадасы шақырылған жерге шамамен 18 минуттан кейін жеткені айтылған. Алайда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бригаданың нақты қанша уақытта келгенін көрсетпеді.
Ведомство жедел жәрдемнің аталған мекенжайға шақырту бойынша барғанын растады.
Медицина қызметкерлері әйелді өмір белгілерінсіз тапқан. Дәрігерлер оның биологиялық өлімін тіркеген.
Оқиғадан кейін әйелдің денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның өлімінің нақты себебі хабарланған жоқ.
Материал авторы