1700

Ерке Есмахан күйеуі RaiM-мен Париждегі демалысын көрсетті

Әншінің жарияланымына пікір қалдырған жанкүйерлер жұптың жарасымдылығын жарыса жазды.

Ерке Есмахан күйеуі RaiM-мен Париждегі демалысын көрсетті
instagram.com/erke_esmahan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан күйеуі, рэпер RaiM-мен бірге Францияға аттанып, Париждегі демалысынан видео жариялады.

Өнер иесі Instagram парақшасында Париждегі сапарынан кадрлар бөлісті. Видеода Ерке Есмахан мен RaiM қаладағы кафелердің бірінде бірге отырғанын көруге болады. Жұп әңгімелесіп, көңілді уақыт өткізген.

Әнші жарияланымына Париждің атмосферасын сипаттайтын жылы жазба қалдырған.

Жарияланған видео көп ұзамай оқырмандардың назарын аударды. Жанкүйерлер Ерке мен RaiM-нің жарасымды жұп екенін айтып, олардың бірге өткізген демалысына жылы пікір білдірді.

Әлеуметтік желі қолданушылары жұптың Париждегі сапарын романтикалық әрі әсерлі деп бағалап, өнер иелеріне жақсы тілектерін жолдаған. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор