1040

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, солтүстікте қар аралас жауын-шашын күтіледі

9 қазандағы ауа райы болжамы жарияланды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, солтүстікте қар аралас жауын-шашын күтіледі
pixabay.com

9 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қар аралас жауын-шашын күтіледі. Ал елдің оңтүстігі мен батысында күн жылы болып, жауын-шашынсыз өтеді. Кейбір қалаларда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +9…+26 градус аралығында болады.

Қалалардағы ауа райы

Астана: ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Түнде +3…+5 °C, күндіз +9…+11 °C.

Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10 °C, күндіз +19…+21 °C.

Шымкент: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8 °C, күндіз +22…+24 °C.

Ақтөбе: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +3…+5 °C, күндіз +14…+16 °C.

Ақтау: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +13…+15 °C, күндіз +22…+24 °C.

Атырау: аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11 °C, күндіз +24…+26 °C.

Жезқазған: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10 °C, күндіз +17…+19 °C.

Қарағанды: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз жел екпін алады. Түнде +5…+7 °C, күндіз +9…+11 °C.

Көкшетау: ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз жел екпін алады. Түнде +3…+5 °C, күндіз +8…+10 °C.

Қонаев: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10 °C, күндіз +20…+22 °C.

Қостанай: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 °C, күндіз +12…+14 °C.

Қызылорда: аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9 °C, күндіз +23…+25 °C.

Павлодар: бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз жел екпін алады. Түнде +4…+6 °C, күндіз +9…+11 °C.

Петропавл: ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Жел екпін алады. Түнде +3…+5 °C, күндіз +7…+9 °C.

Семей: бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз жел екпін алады. Түнде +6…+8 °C, күндіз +12…+14 °C.

Талдықорған: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2…+4 °C, күндіз +20…+22 °C.

Тараз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8 °C, күндіз +19…+21 °C.

Түркістан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8 °C, күндіз +21…+23 °C.

Орал: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+4 °C, күндіз +18…+20 °C.

Өскемен: бұлтты, жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде +8…+10 °C, күндіз +11…+13 °C.

Материал авторы