1158

Петропавлда автобуста әйелге тиісқан ер адам жазаланды

Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындаған.

Петропавлда автобуста әйелге тиісқан ер адам жазаланды
pixabay.com

Петропавл қаласының тұрғыны қоғамдық көлікте әйел жолаушыға тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Liter.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 2026 жылғы 7 қазанда кешкі сағат 18:30 шамасында №4А маршруттық автобуста болған. Азамат А. жолаушылардың біріне дөрекі түрде тиісіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Сот оның әрекетін қоғамды ашық құрметтемеу деп бағалады.

Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, істің мән-жайын растады. Сот құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы