2094

Арқалықта басқа өңірлерде жұмыс істеген студенттер күндізгі бөлімде оқиды деп тіркелген

Прокуратураның шараларынан кейін бюджетке 3 миллион теңге қайтарылып, бес лауазымды тұлға жазаланды.

Арқалықта басқа өңірлерде жұмыс істеген студенттер күндізгі бөлімде оқиды деп тіркелген
SMARTNEWS.KZ коллажы

Арқалық қаласындағы екі колледжде бюджет қаражатын жұмсауға қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Тексеріс нәтижесінде бюджетке 3 миллион теңге қайтарылып, бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеріс Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінде жүргізілген.

Прокурорлар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексерген. Нәтижесінде мемлекеттік грантпен күндізгі бөлімде оқитын кейбір студенттердің Қазақстанның басқа өңірлерінде жұмыс істеп жүргені анықталған.

Прокуратура мұны қаржыландыру шарттарының бұзылуы деп бағалады.

Қабылданған прокурорлық шаралардан кейін бюджетке 3 миллион теңге қайтарылды. Сонымен қатар бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын, сондай-ақ колледждерді қаржыландыру кезінде студенттердің нақты санын ескеруді бақылау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Материал авторы