2046

Жетісу облысында оқушы қаза тапты: күдікке сыныптасы ілінді

Полицияның алдын ала мәліметінше, сабақтан кейін екі сыныптастың арасында жанжал шығып, жасөспірімдердің бірі алған жарақатынан кейін көз жұмған.

Жетісу облысында оқушы қаза тапты: күдікке сыныптасы ілінді
instagram.com/halyk_zhurnalist.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында оқушы қаза тапты. Полицияның алдын ала мәліметінше, қайғылы жағдай сабақтан кейін сыныптастар арасында болған жанжалдан соң тіркелген. Оқиғаға байланысты марқұмның сыныптасы күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаменті жазды.

Ведомствоның баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полицияның алдын ала анықтауынша, сабақ аяқталғаннан кейін сыныптастар арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмған.

Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді.

Сонымен қатар білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Тергеу балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшылығы істі ерекше бақылауына алған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Материал авторы