Дариға Бадықоваға «сырға салу» рәсімі жасалды: видео желіде қызу талқыланып жатыр
Дариға Бадықоваға қатысты құдалық туралы ақпарат тарағаннан кейін желі қолданушылары оның Олжас Абаймен алдағы тойын талқылап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Дариға Бадықоваға «сырға салу» рәсімі жасалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода актрисаның болашақ енесі оған бриллиантты ақ алтын сырға тағып, отбасылық бақыт тілегені көрінеді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде актрисаның құдалығы өткені туралы ақпарат тараған еді. Қазір желі қолданушылары Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың алдағы үйлену тойын талқылап жатыр.
Жарияланған кадрларда Жұмагүл есімді әйелдің актрисаға ақ алтыннан жасалған, бриллиантпен көмкерілген сырға таққаны байқалады.
«Бриллиантты ақ алтын сырға. Бақытты болыңдар!» – деп тілек білдірген ол.
Қазақ дәстүріндегі «сырға салу» – қыздың болашақ келін атанатынын білдіретін құдалық рәсімдерінің бірі. Бұл дәстүрде жігіт жағы қызға сырға тағып, екі жақтың құдалық қатынасын бекітуге ниет білдіреді.
Материал авторы