Илон Маскке АҚШ пен Ресей арасында туннель салу ұсынылды
Ресей өкілі бұл ұсынысын әлеуметтік желіде жариялап, оған Илон Масктің Украина президенті Владимир Зеленский туралы жазбасынан кейін үн қатты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев америкалық кәсіпкер Илон Маскке АҚШ пен Ресейдің арасын жалғайтын туннель салуды ұсынды. Ол жобаны Маск негізін қалаған The Boring Company компаниясы жүзеге асыруы мүмкін екенін айтты.
Ресейдің инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі әрі Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев бұл ұсынысын X әлеуметтік желісінде жариялады.
Ол Маскке үндеуінде The Boring Company компаниясы Ресей мен АҚШ-ты, сондай-ақ Еуразия мен Американы байланыстыратын «Путин–Трамп» туннелінің құрылысын бастауы керек екенін жазған.
Дмитриевтің бұл жазбасы Илон Масктің Украина президенті Владимир Зеленский туралы пікір білдірген жазбасынан кейін жарияланды. Маск өз жазбасында Зеленский «шектен шығып кетті» деген мазмұнда пікір айтқан.
Материал авторы