679

12 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазгидромет ауа райы болжамы жарияланды.

12 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +9...+25 градус аралығында сақталады, ал Өскеменде түнде ауа температурасы −3 градусқа дейін төмендейді. 

Астана: күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +4...+6, күндіз +15...+17 градусқа дейін жетеді.

Алматы: күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні күшеюі мүмкін. Түнде +11...+13, күндіз +17...+19 градус болады.

Шымкент: күн құбылмалы, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді. Түнде +11...+13, күндіз +19...+21 градус.

Ақтөбе: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градус.

Ақтау: жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус.

Атырау: жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12, күндіз +22...+24 градус.

Жезқазған: жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6, күндіз +19...+21 градус.

Қарағанды: жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2, күндіз +14...+16 градус.

Көкшетау: жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9, күндіз +9...+11 градус.

Қонаев: жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11, күндіз +17...+19 градус.

Қостанай: жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7, күндіз +12...+14 градус.

Қызылорда: жауын-шашынсыз, аспанды аздаған бұлт торлайды. Түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус.

Павлодар: жауын-шашынсыз. Түнде +2...+4, күндіз +13...+15 градус.

Петропавл: жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9, күндіз +9...+11 градус.

Семей: жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2, күндіз +13...+15 градус.

Талдықорған: жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10, күндіз +19...+21 градус.

Тараз: жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11, күндіз +19...+21 градус.

Түркістан: мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді. Түнде +11...+13, күндіз +20...+22 градус.

Орал: жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7, күндіз +22...+24 градус.

Өскемен: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы −1...−3, күндіз +13...+15 градус болады.

Материал авторы